Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының директоры Романова Жания Орынжаевнаның басшылығымен, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның жетекшілігімен тарихта тұңғыш рет оқу-тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтар жаршысы “Ақтаев үні” мектепішілік басылым газетінің алғашқы саны жарық көрді.
Басты мақсат: білім беру ұйымында болып жатқан заманауи оң өзгеріс, жағымды жаңалық, игі бастамалармен педагогикалық ұжымды, ата-аналар қауымдастығы мен оқушылар ұйымын ай сайын хабардар етіп отыру, дарынды шәкірттеріміздің қаламын ұштау, кәсіби бағдар беру. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy