28.09.2023 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның басшылығымен кезекті әдістемелік кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қаралатын мәселелер тізбесі биология пәнінің “педагог-модератор” мұғалімі, «Ғылым және инновация” командалық жобасының жетекшісі Жаңабергенова Аяжан Жәнібекқызы жетекшілік ететін магистрлар Одағының мүшелерінің әсерлі сәлемдесу тренингімен басталды. Одан әрі “Мұғалімдер арасында ынтымақтастық мәдениет құру арқылы кәсіби дамуын басқару және жетілдіру жоспары”, “Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетуде пән мұғалімдерінің рөлі”, “Біліктілікті арттыру курстарының сапалық ықпалы”, “Азаматтық қорғаныс” мәселелері туралы презентация таныстырылып, теория, қосымша ақпараттар мен кеңестер берілді. Оңды шешім қабылданып, “Ғылым және инновация” Одағының креативті кері байланысы жасалды. Ынтымағы жарасқан, ұйымшыл ұжым ризашылық эмоциямен тарқасты. Алда сан салалы, жоспарлы игі бастамалар жауапкершілігі мол, табысты мектепке бағытталған жұмыстар толып тұр.
@obrazovanie_gorod_aktobe
Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның басшылығымен кезекті әдістемелік кеңес өткізілді
- 53
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы
Романова Жания Орынжаевна