Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 18.09.2023 ж. күні директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна “Геймификация математика әлемінде” командалық жобасының көшбасшысы Жанай Гаухар Талғатқызы және команда мүшелерімен кеңес сағатын өткізді.
Жоба мақсаты-5-6-сынып білім алушыларының көбейту таблицасын толық меңгеруін қамтамасыз ету. 5-6-сыныптардың математика пәнінің мұғалімдері, класс жетекшілері және мектеп психологтары жоба мақсат-міндеттеріне сәйкес нақты тапсырмаларды бөлісті. Геймификация білім алушылардың жаңа білім алуға деген мотивациясын арттыруға мүмкіндік береді, ойын түрінде білім мен дағдыларды тез және тиімді бойға сіңіруге ықпал етеді. Бұл орайда, ойын формасы ойын-сауық емес, жаңа білім алуға және өткен білімді тиянақтауға арналған құрал екенін ескергеніміз жөн. Бәсекеге қабілетті функция және прогресс оқуға деген қызығушылықты арттырады.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy