Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 18.09.2023 ж. күні директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна 9-11 сыныптарда биылғы оқу жылында элективті курс бағдарламаларын құрастырушы мұғалімдермен кеңес сағатын өткізді. Заманауи мектептегі білім берудің алуан түрлері жүктелген оқу міндеттерін ойдағыдай орындауға бағытталған.
Осы формалардың бірі-элективті курстар.Мақсаты-жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру.
9 “А” сыныбында “Медициналық физика” ( Иманғалиева Г.Ш.), 9 “Ә” сыныбында “Ахметтану” ( Алдабергенова А.Ж.), 10 “А”, “Б” сыныптарында “Туризм географиясы” (Исмайлова Г.Т.), 11 “А”, “Ә” сыныптарында “Әлемдік туризм географиясы” (Алдиярова А.Қ.) атауларымен пәндік оқыту бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізу жоспарланып отыр. Курс бағдарламаларының мазмұны өзекті, мотивациялық әлеуеті жоғары деңгейде, мазмұны қойылған мақсаттарға сәйкес келеді және логикалық құрылымға ие.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy