Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін,14.09.2023ж.күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 2023- 2024 оқу жылында құжатталған кабинеттер жетекшілерімен кеңес сағаты өткізілді.

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна кабинеттің рұқсат актісі, кабинеттің жаңа оқу жылына дайындығы туралы акті, оқу кабинеттерінің ережесі, кабинет жабдықтарының талабы,кабинеттің жұмыс жоспары, кабинетті пайдалану ережесі мен өмір қауіпсіздігі ережесі, үш кезеңді қамтитын кабинеттің даму жоспары туралы нақты кеңес-нұсқаулық беріп, қойылған сұрақтарға тиісінше жауаптар қайтарылды.Кабинет-шығармашылық топ орталығы.Жаңа педагогикалық технологиялар бойынша әдебиеттер,теориялық,практикалық материалдар қорын байытып отыру ұсынылды.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy