2023 жылдың 11 мамырында Ақтөбе қаласы, «Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ базасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда оқытудың заманауи стратегиялары мен әдістерін тиімді қолдану»
тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар-практикум семинары өтті. Мақсаты, оқу сабақтарында оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін қолдана отырып, зерттеу сабақтары арқылы білім алушылардың оқу жетістігінің артуына ықпал ету.
Облыстық семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының әдіскері А.Ақтамбаевна жетекшілік етті. Семинарды мектеп директоры Ж.О.Романова ашып, «Өрлеу» Ақтөбе облысы бойынша КДИ кафедра аға оқытушысы, магистр С.К.Сулейменова алғы сөз сөйледі.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Б Муханбедиярова «Математика – ғылымдардың төресі» семинарды бастап,
бағдарламаға сәйкес, математика пәнінің мұғалімі Д.А.Алишева«Теңсіздіктер жүйелерін шешу» тақырыбында, А.Ж.Сарсембаева "Шеңбер.Дөңгелек" тақырыбында, физика пәні мұғалімі Г.Ш.Имангалиева «Аспан денелері туралы ғылым» тақырыбында ашық сабағын өткізіп, сабақ барысында педагогтар цифрлық ресурстар Quzizz, Flippyty, Kahoot, LearningApp, Padlet тақтасы секілді электрондық қосымшаларды ұтымды пайдаланды.
Математика және физика пән мұғалімдері
Избасарова Р.К., Кулдирова Г.Е.,Турекешова Л.К., Касимова С.М «Ғылымдар патшалығында» күрделі есептердің шешу жолдары
Информатика пән мұғалімдері Кулмурзина З.Ж., Ахмет А.Е., Джангазиева Л.Ж «Заманауи сабақты жоспарлаудағы тиімді әдіс-тәсілдері»
Физика пәні мұғалімі Жұмағазиева Ж.Б«Кейспен жұмыс» (микролаборатория) жұмыстарын жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кері байланыс кезінде семинар-практикумның ұйымдастырылу деңгейінің креативтілігіне жоғары баға берді. Соңында бүгінгі жүргізілген іс-шараға келуші семинар тыңдаушыларына естелік сурет сыйға тартылып, іс-тәжірибемен бөліскен әріптестерге алғыс хат табысталды. @obrazovanie_
https://school6-aktobe.edu.kz/kz/o-u-rdisi/distemelik-obdisha/650-2023-zhyldy-11-mamyrynda-a-t-be-alasy-a-taev-atynda-y-6-mektep-gimnaziyasy-kmm-bazasynda-o-ushylardy-funktsionaldy-sauattyly-yn-alyptastyruda-o-ytudy-zamanaui-strategiyalary-men-disterin-tiimdi-oldanu.html#sigProId9a1525fb28