Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 6 наурыз күні бастауыш кластың педагог - зерттеуші мұғалімдері А.Ч.Умирбаева ,А.А.Медетова,О.А.Жусипованың ұйымдастыруымен Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында бастауыш класс мұғалімдеріне арналған "Блум таксономиясы бойынша сұрақтар қоюды үйрену" коучинг өтті.


Коучингтің мақсаты- "Блум таксономиясы" туралы түсініктерін кеңейте отырып,сабақ жоспарлауда Блум таксономиясы негізінде сұрақтар қоюды үйрену.Коучингті өткізген педагог-зерттеуші ұстаздар заманауи педагогикалық іс тәжірибелерімен бөлісті.Қатысқан әріптестер өз ризашылықтарын білдіріп,жұмыстарына шығармашылық табыстар тіледі.