Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін Ғ.Ақтаев атындағы ^6 мектеп-гиназиясында ағылшын тілі пәні бірлестігінің атсалысуымен, қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Темирханова Раушан Кабдошевнаның жетекшілігімен білім мазмұнын жаңартумен қатар , білім беру нәтижелерін жақсарту үшін мектептің цифрлық инфрақұрылымының элементтері мен компоненттерін тиімді пайдалану мақсатында "Effectively using of elementsof digital infrastructure"

атты ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған педагогикалық шеберхананың кезекті отырысы өтті. Шеберхана отырысында мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог- сарапшы, ізденімпаз ұстаз Жекеева Самал Омаровна "Triventy" оқытудың интерактивті әдісі туралы практикум сабақ өткізіп, әріптестер тарапынан жоғары баға алды.