Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

22 қыркүйек күні Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “Өрлеу” БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, п,ғ,к.,доцент Каплиева Айгүл Кыдырбаеваның жетекшілігімен “Биология пәні бойынша педогогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту”. 10-11 сыныптарының күрделі тақырыптары” тақырыбындағы облыстық семинар - практикумы ұйымдастырылды.

Мектеп гимназия басшысы Романова Жания Орынжаевна алғысөзінде талантты шәкірттерді талапты ұстаздар ғана дайындай алатындығына аса назар аударып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі. Педагог-зерттеуші Мырзатаева Л, Жұматаева П “Шығармашылық шабытпен белсенді әрекетке” сергіту сәтімен бастады. Директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Б. Муханбедиярова “Кретивті тұлға креативті ұстаздан” (Жаңа білім-жаңа әдіс) тақырыбында шебер класс ұйымдастырып,
педагог -зерттеуші Жақанова Н.Ж 11 “А” сыныбында “Хлоропластың құрылымдық компененттері және олардың қызметтері” тақырыбында озық тәжірбиесімен бөлісті.
Педогог - зерттеуші Байшуакова Б.А, педагог - модератор Жаңабергенова А “Белсендіргіштер мен реакция жылдамдығына әсерін зерттеу”
тақырыбында зертханалық жұмыс ұсынды.
Шығармашыл ұстаз Нукусова Б 10 “А” сыныбында “ Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсері” (температура, pH) тақырыбында керемет ашық сабақ өткізді.
Педаог - сарапшы, магистр Адилканова Г. Б, педагог-модератор, магистр Жүгінісова Ә.Е “Mentimeter - интербелсенді бағларламалық құрал” технологияны сабақта тиімді қолдану әдісі” тақырыбында коучинг , педогог-зерттеуші Алдиярова А.Қ, педагог-модератор Исмаилова Г.Т, педагог - модератор Ибрагимова А.Т кері байланыс (көргенім, білгенім, түйгенім) ұйымдастырды. Семинар практикум жоғары деңгейде өтті. Қатынасқан әріптестер ескерткіш суретке түсіп, ерекше әсермен қимай қоштасты.