Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында Ақтөбе облысы бойынша ҚДИ әдіскері Сауле Қуанышбековнаның жетекшілігімен " Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқыту стратегиялары мен әдістері" тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Математика және физика пәндерінің " педагог-зерттеуші" және " педагог- сарапшы" мұғалімдері С.М.Касимова, Д.А.Алишева, Л.К.Турекешова, А.Ж.Сарсембаева, Г.Т.Жанай, жас маман Ж.Б.Жұмағазиева жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, инновациялық әдіс-тәсілдерінің ұтымдылығымен , ақпараттық құзырлықты толыққанды игеруімен бөлісіп, семинарға қатысқан әріптестерінің алғысына бөленіп, киелі қара шаңырақтың абыройын асқақтатты. Мектеп- гимназиясы басшысы Ш.С.Жанғалиеваның, оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары Д.Б.Муханбедиярованың, З.Ж.Кулмурзинаның , МИФ бірлестігінің жетекшісі А.Ж.Сарсембаеваның ұйымдастырушылық шеберліктері мен көшбасшылық қасиеттеріне дән риза болды. Кері байланыс жасалып, марапаттау рәсімі өткізіліп, ескерткіш суреттерге түсумен тәмамдалды.