Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 6 сәуір 2022 ж. күні Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында " PlRLS халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары " тақырыбында Ақтөбе облысы бойынша ҚДИ аға оқытушысы, магистр С. М. Шаштығаринаның көшбасшылығымен облыстық вебинар ұйымдастырылды. Теория мен практиканы ғасыр талабына сай жаңашылдықпен шебер ұштастырып, жаңартылған білім беру мазмұнын сапалы игертуде нәтижеге бағытталған озық педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын көрсеткен педагог-зерттеуші біліктілік санатындағы шығармашыл ұстаздар А. Е. Габдуллина, А. Р. Жұмасейтова, А.Н.Алданазарова, А.К. Жолманова, Ш. Р. Байгараева, С.О. Жекеевалар облысымыздың түкпір-түкпірінен келген әріптестерінің ыстық ықыластарына бөленді. Ғасыр сұранысындағы креативті мұғалім моделін ашудағы психологиялық тренингтер мен мотивациялық жаттығулар арқылы шалқар шабыт пен жігер-күш сыйлаған қара шаңырақ басшысы Ш.С.Жанғалиеваға, орынбасарлары Д.Б.Муханбедияроваға, Ф.А.Кушекбаеваға, Ж.З.Кулмурзинаға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Тақырып мазмұны терең ашылып, жан-жақты қарастырылып, вебинар мақсатына жетті.