Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 2022 жылдың 13 қаңтарында Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д. Б. Муханбедиярова мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Т.Турешованың ұйымдастыруымен денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған белсенді іс- әрекет - жас мамандардан құрылған командалар арасында спорттық эстафета өткізілді. Әрдайым жақсы істерге жандары құмар жастар өздерін спортқа икемді екінші қырларынан танытты. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру ағзаның жұмысқа қабілеттілігін жоғарылататындығын саналы түрде мойындаған олар сегіз түрлі сайыс шарттарынан сүрінбей өтті. Қазылар алқасының шешімімен командалар жүлделі орындарды бөлісіп, медальдармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. Әріптестерінің белсенділіктеріне қолдау көрсетуге жиналған ұжым мүшелері керемет әсермен және ризашылықпен тарқасты