Бүгін, 2022 жылдың 12 қаңтарында Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярованың ұйымдастыруымен әдістемелік күн өткізілді. 1-бөлімінде педагог-зерттеушілер жәрмеңкесінен еншілеген әдіс-тәсілдерін сабақтарында қолдану барысының тиімділігі мен ұтымдылығы жөнінде жас мамандардың кері байланысы тыңдалды. 2-бөлімінде педагог-сарапшылар А. Сарсембаева, Г. Жанай, А. Утегенова, Г. Жантурина, Ә. Қалмағанбетованың жеке, жұптық және топтық жұмыстарға негізделген панорамалық сабақтары әріптестер назарына ұсынылды. Тәжірибелі, шығармашыл педагог-зерттеуші ұстаздар Е. Түбір, Г. Құлдиярова, Н. Жансугурова, Б. Нукусовалар педагогикалық көзқарастарымен бөлісіп, ұжым мүшелері арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсетін, үйренеріміз бен үйретеріміз мол бүгінгідей өнімді істердің жалғасын таба бергені дұрыс деген ұсыныстарын айтты. Әріптестеріміздің заман сұранысына жауап берерлік жаңалықтарға ұмтылыстары көңілімізге қуаныш ұялатты.
Бүгін, 2022 жылдың 12 қаңтарында Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярованың ұйымдастыруымен әдістемелік күн өткізілді.
- 49
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы
Романова Жания Орынжаевна