Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

14 ақпан 2024 жылы Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы “Балаларды ерте дамыту институтының” негізінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасын” іске асыру жоспары аясында мектепалды сыныптары тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы” тақырыбында мақал-мәтел, жұмбақты білуге арналған шара өтті.


Бұл мектепалды сыныптарында ұйымдастырылған іс-әрекет жарыс форматында өткізілді.
Аталған шара мектепалды “А”, “Ә”, “Б”, “В” сыныптары оқушыларының қатысуымен өте жоғары деңгейде өткізілді.Шараға қатысқан мектеп әкімшілігі мен ата -аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Шара соңында белсене қатысқан оқушыларды марапаттап, сыйлықтар табысталды.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy