Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

22 қаңтар 2024ж "Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп - гимназиясының бастауыш класс кафедрасының жоспарына сәйкес 3-класс оқушылары арасында "педагог - модератор" Қ.Досыбекованың ұйымдастыруымен "Мен оқыған бір кітап" атты сыныптан тыс шара өтті. Шараның мақсаты - оқушыларды білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру,әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту,оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру.


Оқыған кітаптың қызықты,мағыналы түйінін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтті.
Белсене қатысқан оқушыларға арнайы сыйлық беріп,алғыстарын білдірді.

@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy