Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 19 қаңтар күні Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп - гимназиясы бастауыш класс кафедрасының жылдық жоспарына сай "Оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдану" тақырыбында тәжірибе алмасу коучингі өтті.


Коучингте бастауыш класс кафедрасының педагог -зерттеуші ұстаздары мен жас мамандар өзара бірлесе байланыс жасай отырып,педагогикалық іс - тәжірибелерімен бөлісті.Өткізілген өзара тәжірибе алмасу сағаты тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандар арасындағы сабақтастық байланыс жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын байқатады.
Коучинг барысында жас мамандар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп,кері байланыс жасады.
Соңында психологиялық тренинг өткізіп,түрлі әдіс- тәсілдер мен талдау үлгілері,басқа да жаңа педагогикалық технологиялармен қоржындарын толықтырды.
Фарида Абсатовна үйрену,тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген коучингке катысқан барлық ұстаздарға өз ризашылығын білдіріп,шығармашылық табыстар тіледі.
Мақсатты және жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy