Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 24 қаңтар күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында бастауыш класс кафедрасының жоспарына сәйкес 1-2 класс оқушылары арасында "педагог - модератор" А.Бағыланова мен жас маман А.Аралованың ұйымдастыруымен "Ертегі сыр шертеді” атты сыныптан тыс шара өткізілді. Сыныптан тыс шараның мақсаты: Ертегілер арқылы оқушылардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, жақсы мен жаманды айыра білуге, еңбекті, адалдықты сүюге үйрету. Бұл шара 2 кезеңнен тұрды.


1 кезең: 1 класс оқуышылары таңдаған ертегілерін автор және кейіпкер ретінде, ертегінің мазмұнын жатқа айтып берді.
2 кезең: 2 класс оқушылары “Ақылды балапан” атты ертегінің көрінісін көрсетті.
Шараның соңында қатысқан 1-2 -класс оқушылары жүлделі орындармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Ертегі арқылы оқушылар жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жақсы мен жаманды ажырата білді. 
Ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтіп, қатысқан әріптестер өз алғыстарын білдірді. @aqtobe_bilim_basqarmasy@obrazovanie_gorod_aktobe