2023 жылдың 13 қараша күні бастауыш класс мұғалімдері "педагог-зерттеуші" Б.Ж.Табылдина,О.А.Жусипова мен "педагог -модератор"Г.Шуақбайқызының ұйымдастыруларымен бастауыш кафедрасы бірлестігі мүшелерінің қатысуымен "Цифрлық платформаны математика пәнінде қолданудың тиімділігі”тақырыбында коучинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуда онлайн ресурстардың тиімділігін арттыру.
Коучингке мектеп -гимназиясы басшысы
Ж.О.Романова,директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярова мен бастауыш кластар бойынша оқу -ісінің орынбасары Ф.А.Кушекбаева және бірлестік мүшелері қатысып ,өз пікірлерін білдірді.
Коучингке жоғары баға беріп,зор ризашылықпен ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып,табыстар тіледі. @obrazovanie_gorod_