Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

19.01.2024ж. Мектеп бітіргендеріне 37 жыл болған түлектердің қалың тобы ой мен қырдан бас қосып, ұшқан ұяларына қайта оралды. Өздері оқыған біліп ордасына ат басын бұруы, шәкірттік құрмет пен ілтипаттың белгісі. Түлектер туып өскен жерін, мектебін аңсап келіп, бас иіп, мектепке тағзым етті. 


Балалықтың тәтті шағы, оқушылық кезеңнің естен кетпес сәттері сөз болды. Сағынышты сырлар өрілді. Бала кезге деген сағыныш сартабын басудың өрісті де өнегелі жолы. Түлектер мектеп мұражайына, "тағылым" кабинетіне бас соғып, тәтті естеліктерді еске түсірді. 
1987жылғы 8 "Г" класс түлектері мектеп мұражайына патефон және музыкалық колонка сыйға тартты. 
Жақсылық жасау- имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ел болашағы жауапты жастардың өмір тіршілігінің жарқын болуы мен білім алуы жолында аянбай көмек етіп, игі істеріңіз арқылы жақсылық жасай біліп, демеушілік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз!
Еңбек жолдарыңвзға толағай табыс пен отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy