Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

12.01.2024ж. Мектеп бітіргендеріне 37 жыл болған түлектердің қалың тобы ой мен қырдан бас қосып, ұшқан ұяларына қайта оралды. Өздері оқыған біліп ордасына ат басын бұруы, шәкірттік құрмет пен ілтипаттың белгісі. Түлектер туып өскен жерін, мектебін аңсап келіп, бас иіп, мектепке тағзым етті. 


Балалықтың тәтті шағы, оқушылық кезеңнің естен кетпес сәттері сөз болды. Сағынышты сырлар өрілді. Бала кезге деген сағыныш сартабын басудың өрісті де өнегелі жолы. Түлектер мектеп мұражайына, "тағылым" кабинетіне, мәжіліс залы, мектеп асханасына бас соғып, мектептің жақсы жаққа өзгергендігін, таңданысын жасырмады. Зеңгір аспан көгіне бейбітшілік құсы- ақ көгершін ұшырып, естелік суретке түсті. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy