Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 12 қаңтар күні «Сен де бір кірпіш дүниеге» атты түлектермен кездесу кеші өтті. 
Мектебіміздің іс-шараларына белсенді қатысып, ұйымдастырып, аяулы ұстаздарға құрметпен қарап, аға буын ретінде кішілерге үлгі бола білген, Республикалық деңгейдегі байқаулардың жүлдегерлері, мектеп активистері, мектеп түлектері: Юсупова Жарқынай, Сатыбалдиева Сабина қонақта болды. 

Кездесу кешіне 11класс оқушылары қатысты. 
Оқушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, қызықты кеш ұйымдастырылды. 
Мақсаты: Мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт – бағдар беру. Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көрсету.
Әр оқушы «қандай мамандықты таңдаймын? » немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» -деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезіңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер,бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. 
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлесқосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты рата түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс-табыс биігіне жеткізетін қанат. 
Еңбек етсем, ертеңгі-бақытыма сенемін,
Мақсатыма жеткізер-уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да –жеңерімен сенемін,
Ақыл, сана білім мен өнерімен сенемін.
Арым-таза, ақ көңіл-адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет-адамдыққа сенемін.—дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болам десеңіздер, ілім-білім алуға бар күш жігеріңізді жинап, талмай еңбек етулеріңіз керек. Жаңа Қазақстанның ертеңі-болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз. 
Ұйымдастырушы: Тәрбие штабы

@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy