«Қыз өссе – елдің көркі,
Гүл өссе – жердің көркі» - дейді дана халқымыз. Қызға қырық үйден тыйым деп те жатады. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала – бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы. Осыған орай,
мектебіміздің 8- 9 сынып оқушы қыздарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында "Инабат" қыздар клубының жетекшісі Г.Сайлаубаева , мектеп психологі А. Канжагулованың ұйымдастыруымен «ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» тақырыбында қыздар жиналысы өтілді. Іс-шара барысында қазіргі таңдағы қыздар арасында белең алып жүрген мәселелер туралы сөз қозғалды, қыздарды ұйымшылдыққа,достық қарым-қатынасқа бағыттау мақсатында тренинг ұйымдастырылды. «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында ой бөлісіп, түсіндірме жұмыстар жүргізілді. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy #dosbollike #dosbolaiyq
https://school6-aktobe.edu.kz/kz/mektep-turaly/psikhologiya-b-limine/878-yz-sse-eldi-k-rki.html#sigProId89a02aeda9