Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

« Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы »  КММ

Сенімділік- менің серігім. / психологиялық тренинг /

Мақсаты: 11-сынып оқушыларын ҰБТ –ке байланысты өзіне сенімділігін арттыру. Қатысушылар : 11- класс оқушылары

Қажетті құралдар: тренинг ережесі,ақ парақ

Түрі: Психологиялық тренинг сағаты

Тренинг ережесі:

  1. Белсенділікті арттыру
  2. Бірігіп жұмыс істеу
  3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
  4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
  5. Өзіме пайдалы нәрсені алу
  6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.

Психолог сөзі: Құрметті оқушылар! Міне алдарыңда үлкен белес ҰБТ жақындап қалды. Әр оқушы өз жүрек қалауымен өз мамандықтарын таңдап, соған жету жолында шаршамай еңбектеніп жатыр. Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, стрестен арылуға арналған «Сенімділік-менің серігім» атты психологиялық тренингке сіздерді ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

«Жақсы қасиеттерін тап»

Мақсаты: Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазып, табу.

Барысы: Оқушылардың есімдері жазылған парақшалар оқушыларға таратып беріледі. Кімге қай оқушының аты түссе сол параққа сол оқушының жақсы қасиеттерін жазып айтады. Ал басқалар кімді айтқанан табу керек.

Әдістеме: «Менің мінезім»

 Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.

Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі. Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады. Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш, Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа, Жылан, Балық. Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.

Жауабы: 1. Түйе- шыдамды 2. Жылқы- тектілік 3. Сиыр- өкпелегіш 4. Қой- жайдарлылық 5. Ешкі- ұйымдастырушылық 6. Ит- адалдық 7. Мысық- биөрісі басым адамдар 8. Тауық- шығармашыл 9. Қаз- тазалық 10. Аққу- сезімтал 11. Қарлығаш- бауырмал 12. Үйрек- ұқыптылық 13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін 14. Арыстан- қайратты 15. Қасқыр- жігерлі 16. Түлкі- бейімделгіш 17. Маймыл- әртістік қабілеті бар 18. Қоян- елгезек 19. Тауешкі- талғамы жоғары 20. Тасбақа- мейірімді 21. Жылан- салқынқанды 22. Балық- еркіндікті қалайды Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?

Рефлексия: «Ашығын айтсам»

  1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?
  2. тренингтен қандай әсер алдыңыз?
  3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз қандай?

Оқушылар өз әсерімен бөлісті.