Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназия» КММ

 

Педагогтарға арналған психологиялық тренинг

«Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы»

 

Қатысушылар : 59 класс жетекшілері

Күні : 14.01.2022 ж

Уақыты : 60 минут

Құралдар : калонка, метафорические карточки, қима қағаздар, фольга

 

Мақсаты :

- психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру

- педагогтардың эмоционалды күйінің алдын алу

- қарым-қатынастағы біліктілігін арттыру

 

Міндеттері :

- жағымсыз психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру ;

- педагогтың тұлғалық және жағдайға сай қобалжуын төмендету ;

Педагогтарды тұлғалық психоэмоционалды күйін реттеу тәсілдерімен таныстыру.

 

Барысы :

Жүргізуші психолог : Құрметті ұстаздар, барлығымыз бірге айтамыз : «Бүгін менің күнім!»

 

  1. Метафоралық карточка «Персона» арқылы сұрақтарға жауап беріп, өзін таныстыру

Қандай адам, мінезі, қазіргі көңіл-күйі?

Ол нені қалайды?

Қазір ол адамға не жетіспейді?

Оған кім және не көмектесе алады?

Қиындықтарды қалай жеңе алады?

Бүгінгі тренингтен не күтеді?

5 жылдан кейін қандай болады?

 

  1. Кір жуғыш машина

Мақсаты : Денедегі қысымды түсіру

Ұстаздар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрып,  «кір жуғыш машина» болады да ортадан өткен қатысушыны жайлап, жеңіл түрде массаж, денедегі қысымды түсіру,  сипау арқылы соңғы қатысушыға «кептіргіш»  жеткенде  ол құшақтау арқылы, сығу әрекеттерін жасайды. Солай барлығы өтіп шығады, соңында алған әсерлерімен бөліседі.

 

  1. Сиқырлы монеталар

Фольгадан алтын монеталар жасаймыз. Дөңгелек болуы міндетті емес, ол шаршы, кәмпит сияқты болуы мүмкін немесе мүлдем басқа. Өзіңіздің қолыңыз қалай жасайды монетаны ерік беріңіз. Көз алдыңызға қалай елестеттіңіз, қалай жасағыңыз келеді, қандай формада оны өзіңіз білесіз. 5-7 минут уақыт беріледі. Жай музыка қосылады.

 

Ішкі арман, қалауымызды жүзеге асыруға талпынбасақ ішімізде мұз болып сол энергия қатып қалады да жағымсыз ойларға әкеледі. Ал іштей арманымызға қол жеткізуге өзімізбен жұмыс жасап еңбектенсек орындалады. Іштегі энергияны сыртқа шығару үшін өзімізге ылғи сұрақ қою арқылы жұмыс жасауымыз керек.

 

  1. Мен шын мәнінде нені жасауым керек?
  2. Шынымененде осы қалап тұрған нәрсеме күш-қуатым, ақыл-ойым, ерік-жігерім жете ме? - деп үнемі қойып тұруымыз керек өзімізге. «Сиқырлы монета» техникасы сұрақтары : Осы «Сиқырлы монетаны» сіз қалай жұмсар едіңіз? Не сатып алар едіңіз? Бұл монеталарды қалай жұмсау керек деп ойлайсыз?

 

Қарапайым әдіс болғанымен терапевтік маңызы зор. Сұрақтардың астары көп адам өзіне не керек екенін білмейді. Біздің бала кезден бергі арманымыз бейсанаға ығыстырылды да, ол жүзеге аспаған мұз болып қатып қалады. Оны жібітіп сыртқа шығару үшін өзімізге ылғи сұрақ қойып жүруіміз қажет.

 

  1. Шыбын

Мақсаты : Бет бұлшықеттеріндегі қысымды түсіру.

Ыңғайлы отырыңыз. Қолдарыңызды еркін тізеңізге қойыңыз. Иығыңыз, басыңыз түсіңкі, көзіңізді жұмыңыз. Ойша елестетіңіз сіздің бетіңізге шыбын қонайын деп жүр. Ол сіздің мұрныңызға қонды, маңдайыңызға, көзіңізге қонды. Сіздің міндетіңіз көзіңізді ашпай бетбұлшықеттеріңізді қозғалту арқылы ұшырып жіберу. 

 

  1. Ғажайып қалташа

Мақсаты : Ресурсты күйге ену, көңіл-күйді көтеру.

Қатысушыларға «Ғажайып қалташадан» қима қағаздарын қарамай алу ұсынылды. Қима қағаздарда бүгін не күтіп тұрғаны, жақын күндері нені жақсырақ жасау керек деген нұсқалар берілді.

 

Қорытынды :

Қатысушылар бір-бірлеріне тілеген тілектері орындалсын деп қошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтадық.

 

Мектеп-гимназия психологтары :                                          Г.З.Абишева

С.А.Қонысбай