Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

« Жақсы көңіл-күй - жан азығы » ойын, жаттығу , флешмоб

Тақырыбы:« Жақсы көңіл-күй - жан азығы »

Өткізілген класы : 1 «Д»

Мақсаты: оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, позитивті көңіл-күй сыйлау, өзін құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Материалдар: А4 ақ қағаз, түрлі-түсті бояу, калонка

«Хи – ха – хо» жаттығуы

Мақсаты: бойдағы жағымсыз эмоциядан арылу.

Шарты: шеңбер бойы бір-бірінің белдерінен ұстап тұрады. «ХИ» дегенде алға еңкейіп, «ХА»дегенде артқа шалқайып, «ХО»дегенде оң-сол жаққа қарай еңкею керек.

3.Кітаптар презентациясы. Балалар психологиясы.

Денсаулық және өмірлік дағдылар – бұл Американдық психологиялық қауымдастығынның психологтары жазған балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар сериясы. Серияның мақсаты - жас ұрпақты эмоционалды және психологиялық дамыту.

Кітаптар өсу және даму жолындағы кездесетін қиындықтардың ең өзекті мәселелерін қамтиды: ата-анасының ажырасуы, эмоционалды мәселелер, қоныс ауыстыру, мектеп ауыстыру мен оған бейімделу, қорқыныш, уайым, депрессия, дүрбелең. Бұл кітаптардың бір ерекшелігі - оқырманға өзінің ішкі әлемін түсінуге және сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасауға үйрететін шынайы әңгімелер мен қызықты кейіпкерлерде.

Оның үстіне, әр кітапта қарапайым, қол жетімді тілде мәселенің тетіктері мен оны жеңуге қажетті жасалатын әрекеттер қадамына түсіндірмелер бар.