« Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназия » КММ
13.10.2021ж мектеп мәжіліс залында "Инабат" клубының 5-11 класс қыз балалары үшін , ата-аналар кеңесінің төрайымы Балғабаева Ақмарал Маратовна , ДТІЖО Матаева Бақыт Зулхарнайовна, мектеп психологтары : Абишева Гулдана Зиноллаевна , Қонысбай Сандуғаш Амандыққызымен кездесу өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе :
Әдепті адам-әдемі адам
Менің әлемім-сұлулық пен мейірімділік әлемі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Кездессудің мақсаты : қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу арқылы оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, қыздардың сұлулық, жақсы қарым-қатынас құруға бағытталды. Қыз баланың бой жету кезеңінде болатын физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістер туралы мағлұмат берілді. Соңында тренинг өткізілді.
« Менің әлемім-сұлулық пен мейірімділік әлемі » тренинг сәтінен