« Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы » КММ
Арт-терапия балалардың психологиялық денсаулығын сақтау әдісі. Психокоррекциялық сабақ.
Жүргізілген уақыты : 31.01.2022ж
Қатысушылар : Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар
Өткізген психологтар : Г.З.Абишева, С.А.Қонысбай
Қажетті құралдар : А3, гуашь, әйнек 10*10 немесе компакт дискінің сырты.
Акватипия - әдісі сана мен бейсана арасында диалог орнатады. Карл Густав Юнг - «Ақылмен айтып, түсіндіре алмайтынның жауабын қолымыз табады» - деген. Айтылу керек сөздер , эмоциялар осындай суреттер арқылы қолымыз шығарады. Бейсаналы түрде қандай проблемадан арылуға дайын соны сурет бетінен клиент көреді.
Өту барысы :
Қызыл, сары, жасыл, көк, оранжевый гуашьты бөлек ыдыстарға 2-3 тамшы сумен еземіз. А3 қағаз үстіне әйнекті қоямыз да 5 түрлі гуашымыздан тамызамыз. Сосын екпетінен аударып әйнекті әрі бері А3-ке жүргізіп үйкейміз. Енді А3 форматтағы бояғыштарымызға қарап 7 не одан да көп түрлі бейне табамыз. Оны қоршаймыз, оны көргенде қандай сезім туындады жазамыз.
0-5- эмоционалды қиындықтары бар, өзін кінәлі сезіну, өзгеге кінә арту, қарым-қатынасқа бара алмау т.б
6-9- эмоционалды интеллект даму деңгейі орташа
10-15- психикалық денсаулығы жақсы.
Сұрақтары :
- Егер сіздің суреттегі бейнеңіз қазіргі сәттегі орындалмаған қажеттіліктеріңізді бейнелейді деп болжасақ, ол қандай қажеттіліктер?
- Қалай ойлайсыз қай бейне сіздің қазіргі күшті жақтарыңызды бейнелейді?
- Сізді адамдармен қарым-қатынаста қай бейне сипаттайды?
- Қай бейне мақсаттарға жету үшін болашақты күшейткіңіз келетін қандай сезімдер мен күйлеріңізді көрсетеді.
- Өміріңіз қызықтырақ болуы үшін жақынырақ аптада қандай 2 қарапайым әрекетті орындауға болады.
Бейсаналы деңгейдегі жарақаттар сыртқа жедел қағазға түсіресіз және психологтың сұрақтарына жауап айту арқылы да іштегі шығады.