Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мекткеп-гимназиясы

Ата-аналарға жүргізілген «Жас ерекшелік психологиясы.Дағдарыстар» Дәріс

Күні : 04.02.2022 ж

Қатысқан педагогтар саны : 10

Қатысқан ата-аналар саны: 82

Өткізген мектеп-гимназия психологы : С.А.Қонысбай

Бастауыш сыныптармен жұмыс жасап жүріп, мәселелер байқаған кез болды, ол балалардың көңіл-күйі немесе сабаққа ынтасының болмауы. Бұл кезде көбіне ата-ана тарапынан көңіл бөлу аздығы және аз қадағалаудан болып жатады. Тек бала емес, ата-ана да баласын түсінбей жататын кезеңдер болып жатады, өйткені баланың педагогикалық-психологиялық тұрғыда басынан үш дағдарыс кезеңі өтеді.

Бірінші дағдарыс 3 жаста, екіншісі — 7 жас, үшіншісі

12-13 жастар шамасында болатын «өтпелі кезең». Осы кезеңдердің барлығынан дұрыс

өткізу үшін ата-ана зейін қойып, оларға демеу болуы керек. 3 жастағы дағдарыста

баланың олармен тығыз байланысқа түсетін кезі. Сондықтан ол сұраған кез келген

сұраққа нақты, дұрыс жауабын берген абзал. 7 жастағы дағдарыс кезеңі баланың

мектепке баруымен тұспа-тұс келеді. Оқу кезеңіне аяқ басқан баламен мектепке

бейімделуі үшін өте көп жұмыс жасау керек. Ойын баласынан оқу баласына айналуы

үшін әке мен шеше баланың басы-қасында жүруі тиіс. Үшінші кезеңде қыздардың да,

ұлдардың да жаман әдеттер мен жақсы әдеттердің біріне үйір болатын, еліктегіш

келетін ең қиын кезеңі. Мұнда да ата-ана баламен сырлас болуы шарт. Оның

үстіне, әсіресе қыз балаларға келгенде біздің өзіміздің ұлттық тәрбиенің

ерекшелігі, қазақы менталитеттің жүйесі көрініс табуы керек. Бала жаман әдетке үйір болып кетпес үшін ата-ана оны көзден таса қалдырмауы керек.

Сондықтан баланың басқа нәрсе ойлауға мұршасы болмайтындай етіп күн тәртібін

жасаған дұрыс. Уақытын сағат-сағатқа бөліп, бос орын қалдырмау керек.

          Сонымен қатар баланың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, онымен ортақ демалыс ұйымдастыру.