Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының
тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
Б.З Матаеваға
Мұғалім-психолог: Қонысбай С.А
Мұғаім-логопед: Дүзбағамбетова Б.А
А Н Ы Қ Т А М А
Қазақстандағы мейірімділік күніне орай 6 мектеп-гимназиясында “Мейірімділік - жүректен” тақырыбында оқушылардың шығармашылық ізденісін, эмоциялық көңіл-күйлерін көтере отырып бойына жағымды қасиет сіңіру , мейірімділік сезімдерін ояту мақсатында іс - шаралар жоспары жасалынып бекітілді. Тренинг барысында оқушылар өздерінің белсенділіктерін көрсете отырып, бір-біріне жағымды көңіл күйлерін сыйлап, жылы тілектерін білдірді.
Шара барысы:
- Көңіл күй тренингі тақырыбында бір-бірінің суретін салу арқылы ішкі көңіл-күйлерін жеткізді.
- Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимикамен түсіндіру, ой бөлісу және пікір алмасу болды.
- Іс-шара соңында тілек шамы арқылы бір-біріне жылы тілектерін білдіріп жақсы көңіл күймен аяқтады