Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазіргі қоғамда көптеген адамдар психологиялық қолдауға мұқтаж. Әсіресе, жас аналар, жас отбасылар, жасөспірімдер, денсаулығында ақауы бар балалар арнайы мамандардың көмегін қажет етеді. Ал кез келген адамның жеке орталықтарға, психологтарға барып кеңес алуына мүмкіндігі бола бермейді.
Қазіргі жас аналар бала тәрбиесінде қандай мәселелерге баса назар аудару керек, баланы дұрыс бағытқа тәрбиелеу үшін не жасау керектігін біле бермейді. Сондықтан психологиялық кеңестерді қажет ететін отбасылар көп.
2 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы «Анима» жеке түлғаны дамыту орталығының жетекшісі,балалар психологы, нейропсихолог, іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі ҚОНЫСБАЕВА ЖАЙНАГУЛ ТЛЕПОВНАНЫҢ қатысуымен "Сделать счастливыми наших детей" тақырыпта психологиялық семинар жоғары деңгейде өтті. Семинарға қатысқан класс жетекшілер, пән мұғалімдер ата-аналар.
Келген қонағымызға арнайы алғысымызды білдіреміз!