Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

ХХІ ғасырдың үлесіне тиіп отырған дүниежүзілік өркениеттілікке жету жолындағы азаматтық міндеттерді жүзеге асыруда білім беру мен тәрбие ісін нағыз гуманистік дәрежеге көтеру бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу ұстаздар еншісіне тиіп отыр.
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі ең басты мәселе-жаңа заманның талабына жауап бере алатын жаңа тұрпатты, кәсіби шыңдауға креативті мұғалімді қалыптастыру.

Білім берудің ұлттық моделіне көшуді мақсат еткен Романова Жания Орынжаевна басқаратын Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының ынтымағы жарасқан педагогикалық ұжымы ІІІ оқу тоқсанының алғашқы күнін арнайы тіктірілген формамен бастады.
Заман талабына сай білім сапасын арттыру жаңашылдықпен ілгері жүруді талап етеді. Бәрі де мектептен басталады.