Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
2022 жылдың желтоқсан айының 13 күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі ұйымдастырған “Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз” атты салиқалы, рухты жиын өтті. 
Тәуелсіздіктің құрбандарын еске алу және тағзым ету үшін жиын ортасына ҚР мемлекеттік Туы кіргізіліп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. 
Алғашқы құттықтау сөзі директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаға берілді. Дина Базарбаевна мектеп ұжымына жүрекжарды тілегін білдіріп, Тәуелсіздік құрбандарына тағзым етуге шақырды. 1 минут үнсіздік жарияланды. 
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мұғалімдері “Желтоқсан желі” әнін хормен орындады. 
9”А” сынып оқушысы Құралбаев Бекарыс Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековтің соңғы сөздерін нықышына келтіріп орындады. 
Сонымен қатар, Желтоқсан тақырыбындағы ақындардың өлеңдерін 5-8 сынып оқушылары өте жоғары деңгейде мәнерлеп оқып шықты. 
М.Шахановтың “Тасада өскен гүл” пьесасын бірлестік мұғалімдері асқан шеберлікпен сахналады.
Драма үйірмесінің жетекшілері Айымгүл Клышбаевна мен Анар Жәнібекқызы тарих пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі, Желтоқсан оқиғасының куәгері Гүлайым Шынтасқызын құрметпен ортаға шақырып, гүл шоғын ұсынды. 
Мектеп-гимназияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Турешова Жадыра Тойлыбаевна арнау өлең оқып, ескерткіш сыйлық тапсырды. 
Гүлайым Шынтасқызы студенттік өмірінен сыр шертіп, Желтоқсан оқиғасынан үзік сырлар айтты, толқып көзіне жас алды. 
Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне “Ақтаев гимні” өмірге келді. 
Сөзін жазғандар: Романова Ж.О., Муханбедиярова Д.Б.
Әнін жазған: Мырзатаева Л.Е.
Мектеп-гимназия ұжымы мүшелерінің қатысуымен “Ақтаев” гимні орындалды. 
Жиын соңында бастауыш класс оқушылары Мырзатаева Лалагүл Елеповнаның жетекшілігімен “Қазақстан-егемен елім”, “Қазақ елі” әндерін хормен орындады.
Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз!??
Құрметпен: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі
Жетекшісі Байгараева Ш.Р.