Бүгін: 09.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

3.11.2022ж. «Дәстүр және ғұрып» жобасы аясында мектепішілік Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен екі жыл қатарынан құрақ құрау өнерін үйренушілерге шебер класс өтуде. 2022 жылдың 3 қараша күні күзгі демалыс кезінде оқушылардың дәстүрлі қолөнерге деген қызығушылық пен шеберлікті дамыту мақсатында үш ұрпақты біріктіре отырып (әже, ана, қыз бала) ұмыт болып бара жатырған қолөнерді жаңартып, жаңғырту, қыз балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Өнер әлемі» атты шеберхананың «Құрақ құрау өнері» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шараны өткізген мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі, шығармашыл ұстаз, аяулы ана, ардақты әже Сатыбалдина Задагүл Төлемісқызы.


Негізгі мақсаты: Қатысушыларға құрақ құрау өнерінің тарихын, құрақ түрлерін, жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін үйрете және функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, қазақтың ұлттық қолөнерін ұрпақтан ұрпаққа насихаттау.
Осындай жұмыстарға мұрындық болып, шеберлік сағатының және оқушылардың бос уақытын тиімді және мазмұнды ұйымдастыру мақсатындағы мектепішілік ақысыз өтетін «Жас суретші», «Қолөнер», «Айналайын» хорының, дебат қозғалысы бойынша «Елек» пікірсайыс клубының, домбыра, оркестр үйірмелері, волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннис т.б. спорттық секциялардың, мектеп мұражайы мен кітапханасы жұмысының өтуіне «Ақтөбе қалалық білім бөлімі» ММ «Әдістемелік кабинет» КММ-нің әдіскері Садыкова Айүл Санкубаевна куә болып, оң пікір қалдырды.