Бүгін: 09.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 2022 жылдың 27 қазан күні мектеп кітапханасы мен 
8 “Ә”, 8“Б” , 8 «Г» сынып оқушылары Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап. Тұлға. Рух» жобасы аясында өлкеміздің белгілі күйшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жайлау Асылханов пен ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгірмен «Өнері биік тұлғалар» атты кездесу кешіне қатысты.
Кеш барысында әдемі әңгіме де айтылды, күмбірлеген күй де шертілді.

Оқушылар өлкеміздің белгілі тұлғаларының шығармаларымен танысып, өздерінің сауалдарын қойды.
Жауапты: ДТІЖО Б.З.Матаева, мектеп кітапханашылары Г.Б.Шайрова, М.Ж.Базарбаева