Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

1."Мектептегі бір күн" жобасы аясында отбасылық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру мақсатында 5 ,,А,, класс ата-аналары Толешова Ақмарал Дауэтбекқызы мен Айтжанова Қолғанат Нурхалыккызының ұйымдастыруымен ,,Бала біздің барлығымыз,, тақырыбында класс сағаты өткізілді.Класс сағатына оқушылар белсене қатысты.Ата-аналардың қолдауына рахмет айтамыз! #балажылы2022 #мектептегібіркүн @aqtobe_bilim_basqarmasy @obrazovanie_gorod_aktobe

2.Мектеішілік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес әр айдың 20-30 күндері аралығында "Мектептегі бір күн" жобасы аясында, отбасылық тәрбиенің мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында 4"Г" класында ата- анамен бірігіп, ата-аналар төрайымы Абдулдина Жумагуль Мырзабековна жоспарлы тақырыпта класс сағатын өткізді.
Қарттар күніне және де ұстаздар мерекесіне түспа-түс келген класс сағатының қонағы ардагер ұстаз, қарт ата-ана Акишева Клара Кутыбаевна шақырылды. Ұстаз әже білім алушыларымызға жақсы тілегімен қатар, тәлім-тәрбиесі мол ақыл кеңестерін айтты. Абдулдина Жумагуль Мырзабековнаға мың алғыс ! Болашақта бірігіп класс сағаттарын, кластан тыс шараларды т.б. іс- шараларды басқа ата-аналармен бірігіп өткізуге шақырамыз!