Мектепішілік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес әр айдың 20-30 күндері аралығында *"Мектептегі бір күн"* жобасы аясында отбасылық тәрбиеге байланысты ата-анамен немесе ата-әжемен бірігіп, жоспар немесе тыс тақырыпта класс сағат, кездесу сағат, спорттық іс шара, шебер класс т.б. форматта жоспарлау ұсынылды.
Жобаға сәйкес мектеп-гимназиясының Мектепалды даярлық ІІ сыныбының ұйымшыл ата-аналары 30.09.2022 күні оқушыларға “Абайла, балақай!” тақырыбында жолда жүру ережесіне қатысты тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағаты өте керемет, жоғарғы деңгейде өтті. Балақайлар тақырыпқа сәйкес пайдалы ақпараттармен таныс болды.
Ұйымдастырушы мектепалды даярлық ІІ сыныбының ата-аналар комитеті Арай Ерланқызы мен ата-аналар комитетінің көмекшісі Мөлдір Сәкенқызына ерекше алғысымызды білдіреміз!
Киелі қара шаңырақтың білім алушыларына бірлесе отырып тәлім-тәрбиені беруге шақырамыз✨
Сынып жетекшісі: А.М. Құлымжанова