Бүгін: 09.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

28 қыркүйек күні мектеп
кітапханасында "Ұстаз-ұлағатты есім" тақырыбында мереке қарсаңында ұжымның құрметті зейнеткері, "педагог-зерттеуші" біліктілік деңгейіндегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,

ұстаздардың ардақты ұстазы, кәсіподақ ұйымының төрайымы, Турешова Жадра Тойлыбаевна мен Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп-гимназиясының 9”А”, 9”Ә”, 9 “Г” сынып оқушылары арасында ашық диалог ұйымдастырылды. Диалог барысында 40 жылғы ұстаздық ерен еңбектің жемістері мен жеңістері тілге тиек етіліп, заман сұранысындағы ағылшын тілінің қыры мен сыры шертілді.
Барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жауапты: мектеп кітапханашылары Г.Шайрова, М.Базарбаева