Құрметті ұстаздар, ата-аналар, аяулы оқушылар!
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы "Алғашқы қоңырау" мерекелеріңіз құтты болсын!
Биылғы оқу жылында 181 бүлдіршін мектеп - гимназияның табалдырығын алғаш рет аттап, жаңа өмірге қадам басты. Олар дәл бүгінгі алғашқы қоңырау үнін естігеннен бастап мектеп- гимназияның 1- сынып оқушылары атанды.
Балалар жылы аясында алғашқы қоңырауға арналған "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" атты салтанатты жиын және ашық сынып сағаттары өтті.
Мектебіміздің басшысы Ж.О. Романова және Қамқоршылық кеңестің төрағасы, 1953 жылғы мектеп түлегі, ардагер ұстаз, ҚР-ң оқу ісінің үздігі, Ы. Алтынсарин төс белгісінің иегері, Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері, облыстық ішкі саясат жанынан құралған ақпараттық кеңес мүшесі, облыстық білім басқармасының ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қуан Қамалхан Қуанұлы ата-аналарды, оқушыларды және ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.