Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
2005 жылы "Ғ. Ақтаев атындағы 6 орта мектепке" басшылық қызметімді бастадым. Сол жылдардан бастап оқушыларымыздың жақсы білім алып, тәрбиелі азамат болуы жолында ата-ана, ұстаз біріге отырып, жақсы, нәтижелі жұмыс жасадық.

Мектебіміздің тарихқа толы сәттеріне бірге куә болдық. Мектебіміздің 80 жылдық, 90 жылдық мерейтойларын республика көлемінде атап өттік. Мектеп оқушылары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, шығармашылық және спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мектебіміз "Гимназия" мәртебесіне ие болды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы 559 бұйрығы негізінде "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау" тәртібі бойынша жаңа оқу жылын 55 мектеп-гимназиясында жалғастырамын. Сондықтан да мектебіміздің білікті ұстаздарына, білімді шәкірттеріне, демеу білдірген ата-аналарға шексіз алғысымды білдіремін! Жаңа оқу жылында "Ғ. Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясына басшы болып тағайындалған Романова Жания Орынжайқызына сәттілік тілеймін!
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, жаңашылдыққа ұмтылыс тілеймін! Мектеп-гимназиямыздың абыройы асқақтай берсін!

Ізгі тілекпен: Жанғалиева Шолпан Серікбайқызы?