БҮГІН – АБАЙ КҮНІ
? Бүгін түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — АБАЙ КҮНІ! Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.
? Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай шығармалары француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай, түрік, жапон, неміс, италия, грузин, иврит, қырғыз, малай, монғол, нидерланд, португал, украин, өзбек, хинди тілдеріне аударылып, жеке-жеке кітап болып шықты.
? Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде жаңадан құрылған үш облыстың біріне Абай есімі берілді. Одан өзге Республика бойынша 31 елді мекен, 1300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ойшыл ақынның есімімен аталады.