Бүгін, 06.05.2022 ж. күні Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясының директоры Ш.С.Жанғалиеваның басшылығымен, оқу және тәрбие істерінің орынбасарлары Д.Б.Муханбедиярова, Б.З.Матаева және Г.Т.Жүсіптің ұйымдастыруымен " 7 мамыр - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні" мен "
9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні" мерекелеріне орай Қазақ әдебиетінің классиктері, Қазақстанның Халық жазушылары Тахауи Ахтанов пен Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаевтың біртұтас ескерткіштеріне тағзым ету рәсімі өтті. Мемлекетіміздің Гимнімен басталған салтанатты жиын Дина Базарбаевнаның құттықтау сөзі мен жас маман Алғазина Айгерімнің Т.Ахтановтың Ұлы Отан соғысы тақырыбында жазған көлемді көркем шығармасы "Қаhарлы күндер" романына қысқаша шолу жасауына және 8 г сыныбының үздік оқушысы Бақтияр Рабияханымның Қуандық Шаңғытбаевтың " Ымыртта " өлеңін мәнерлеп оқуымен жалғасты. Қаламыздың төрінен орын тепкен Тахауи мен Қуандық сынды ұлтымыздың біртуар еңселі, текті ұлыларына арналған біртұтас ескерткішіне гүл шоқтарын қою құрметі республикалық және халықаралық ережесіз жекпе- жек пен қазақша күрес турнирларының бірнеше дүркін чемпиондары, мектеп түлектері Смаилов Әлішер мен Серік Бекетке бұйырды. 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Тарихи тұлғалардың рухтарына құрметпен тағзым ете отырып, халықтық рухани мұраны толық игеру және ол шыққан ұлттық идея биігінен көріну әрбір ұл мен қыздың, азамат пен азаматшаның перзенттік парызы екендіктерін іштей ұғынған көпшілік үнсіз тебіреніспен тарасты.