Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 23 қаңтары күні ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кеңесі өтті.


Кеңестің мақсаты-
✓ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетуге
мектеп ұжымының дайындығын зерттеу;
✓ ерекше білім беру қажеттілігі әлі айқындалмаған оқыту қиындықтары
бар балаларды анықтау;
✓ мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау,
инклюзивті білім берудің принциптері мен құндылықтары, оқушыларды
оқытудағы қиындықтарының көріністері мен себептерін айқындау , өзара тәжірибе алмасу;
✓ жеке және бейімделген оқу бағдарламаларын құрастыру әдістері туралы педагогтердің
ақпараттарын арттыруды ұйымдастыру;
✓ кәсіби дайындық біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер,
конкурстарға, конференцияларға және т.б. іс-шараларға педагогтердің
қатысуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Кеңесте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды сүйемелдеу бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің І жартыжылдықтағы есебі тыңдалды. Білім беру қажеттіліктерін бағалау , ПМПК ұсынымы негізінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке / бейімделген оқу бағдарламаларын талқылау және бекіту жұмыстары жүргізілді. Педагогтерге консультативтік-әдістемелік көмек берілді.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy