«ҮМІТІМІЗ ЕШҚАШАН СӨНБЕСІН!» тақырыбында Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп- гимназиясының арнайы мамандары мен пән мұғалімдері, класс жетекшілер және «Ерекше білім беруді қажет ететін» оқушылардың ата-аналарының қатысуымен жиын өтті.
Жиынды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сүлейменова Ақгүл Сапаровна Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың білім беру бағдарламалары мен білім беру жүйесімен ата-аналарды таныстырып, арнайы мамандардың қызметтері жөнінде қысқаша мәлімет берді.
Психологтар А.А.Канжагулова мен К.Т.Сагинбаева ең алдымен жиынның психологиялық жеңіл аурасын қалыптастыру мен көңіл-күй көтеру мақсатында ата-аналармен тренингтер өткізіп, оқушылар туралы және жасалған жұмыстар мен алға қойған мақсаттармен ата-аналарды таныстырды.
Дефектолог А.К.Кенжесбаева білім беру бағдарламаларын таныстырып, білім берудегі олқылықтар мен жетістіктерді айтып, ата-аналарын тағы бір рет құлақдар етті.
Әлеуметтік педагогтар Ә. Б. Шүйінші мен А. Р. Туретова балада туындайтын проблемалардың себептерін сынып жетекшілері, психологтың көмегімен анықталып және проблемалық жағдайлардың алдын алу бағытты бойынша даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстар атқарылып, қолдау көрсетілді.
Жиын барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға пән мұғалімдері мен арнайы мамандар жауап берді.
Ата-аналар көкейдегі сұрақтарға жауап алып, ризашылығын білдірді.