Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

"ТАЛАП, ЕҢБЕК, ТЕРЕҢ ОЙ, ҚАНАҒАТ, РАҚЫМ..."

Бүгін, 17 ақпан күні ұлттық арнада ел басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сұхбат беріп өтті.
Сұхбат барысында Мемлекет басшысы "Қасіретті қаңтар қырғынының" себебі мен салдары туралы өз ойын айтты.


Біздің бір ғана отанымыз бар. Ол- Анық.
Тәуелсіздік біздің басты байлығымыз, оны әрбір осы елде тұратын азамат ұғынуы тиіс. Елдің өркендеуі тек билік өкілдеріне байланысты емес, қарапайым халыққа да байланысты деп айтып өтті.
Елдің алға қарай жылжуына, әрбір осы мемлекетте өмір сүріп жатқан халықтың да үлесі зор. Соның ішінде,Жастар, осы тәуелсіздікті мәңгі сақтап, алға қарай ұмтылуы керек. Барлығын нақты еңбек етсек қана жеңе аламыз деп айтты.
«Ұлтымыз дүниежүзінде ең алдымен еңбекқор, жұмысқа адал ұлт ретінде мойындалатын болса, бұл экономикамызға оң әсер етеді. Масылдықтан, жалқаулықтан алшақ болуымыз керек. Сонда ғана жаңа Қазақстан тұжырымдамасы іске асады" ,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында.
Менде осы елдің азаматшасы ретінде, мемлекет басшысының сөзіне құлақ аса отырып, әрбір осы елде тұрып жатқан қарапайым халықты саналы түрде еңбек етуге шақырамын.
Адам дамуының ең басты кепілшісі - еңбек. "Адал еңбектің наны тәтті" - деп, атам қазақ бекер айтпаған. Шынымен де, адамды адам еткен еңбек. Еңбексіз, адамзат әлі примитивті даму үрдісінде қалушы еді. Өз жалқаулығын жеңіп, еңбек ете білген азаматтар ғана бұл өмірде шексіз бақыт пен берекеге кенеледі.