Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрметті ұстаздар ата-аналар,білім алушылар!

Қыркүйек айының алғашқы күні еліміздегі ең басты жаңалық - Президентіміз, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы жарияланды.

Жеті тарау,5-бастамадан тұратын жолдаудың әр тарауы еліміздің ең маңызды мәселелерін қозғады. Менің ойымша, бұл жолдау еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін, еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды десек артық айтқандық емес. Жолдауды жүзеге асыруға әрбір қазақстандық болып ат салысуымыз қажет. Сонда ғана ісімз берекелі де мерекелі болмақ. Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған көптеген жобалар нақтыланды мысалы: Зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі, ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтерілетіні, 800 мектептің орнына 1000 мектеп салынатындағы айтылды.

Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Тәуелсіздігіміздің төртінші онжылдығына қадам бастаған еліміздің басты мақсаты – тұрақтылық, тыныштық, халық тұрмысының жақсаруы, жастарымыздың болашаққа сеніммен қарауы. Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Президентіміздің "Халық тұтастығын ойласақ, менің, сенің тілің деп таразыға салмай тұтас ел болуды ойлауымыз керек" деген сөзі көпшіліктің ойын бір арнаға тоғыстырды.

Білім саласына қатысты " САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ" қамтамасыз етуге бағытталған тарауда қашықтықтан оқыту кезіндегі кездескен қиындықтар мен қателіктерді ашып айта отырып, білім саласы қызметкерлерінің жасаған еңбегін атап өтті. Дәстүрлі оқуға көшудің маңызын, қажеттілігін түсіндірді. Президентіміз әрқашан педагогтар қауымының әлеуметтік жағдайын, қоғамдағы орнын басты назарда ұстап келеді, осы жолы да мұғалім жалақысын арттыру туралы тоқталып өтті. Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын дайындаған ұстазын қаржылай марапаттау, «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасын жүзеге асыру ұсынылды. Білім беру жүйесінің биік жетістікке жетуінің бірден бір кепілі – білімді, білікті ұстаз, сондықтан мұғалімдер қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет тегін қайта даярлық курстанрын ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.Сонымен бірге 6 жасқа дейінгі барлық баланың 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтамасыз етуді міндеттеді. Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.

Қасым -Жомарт Кемелұлының үнемі басты назарда ұстайтын мәселесінің бірі- дарынды балаларды қолдау, олардың жан-жақты дамуына жағдай туғызу. Жас ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыс жасауды, қаржылай қолдау көрсетуді талап етті.

Президентіміз атап отырған жас ұрпақ тұлғасын қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады, себебі, ұлт болашағы, еліміздің ертеңін жалғастырар жас ұрпақ бүгінде біздің алдымызда отыр. Осы орайда бұл идеяны іске асыруда, оқушылар жүрегіне жарқын болашағымызға деген зор сенім мен елімізге деген шексіз сүйіспеншілік орнатуда білім ордаларының маңызы үлкен, жауапкершілігі жоғары екенін біздер ұстаздар қауымы сезініп отырмыз. Сондықтан, Мемлекет басшысының осы жолдауда айтқан міндеттемелерді іс жүзінде дұрыс жүзеге асыруда біздер, педагогтар қауымы аса жауапкершілікпен қараймыз. Мұғалім ретінде оқушыларға сапалы білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін.Ұлт сапасын арттыруда жан-жақты талдап, дамудың стратегиясын көрсеткен осы Жолдауын қолдай отырып ,оны іске асыру үшін барлық біліміміз бен тәжірибемізді жұмылдыруға шақырамын!