Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Уақыты:2022 жыл наурыз айы

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы

Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
«Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы»

Мақсаты:
- психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру;
- педагогтардың эмоционалды күйінің алдын алу;
- қарым - қатынастағы біліктілігін арттыру.
Міндеттері:
- жағымсыз психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру;
- педагогтың тұлғалық және жағдайға сай қобалжуын төмендету;
Педагогтарды жағымсыз психоэмоционалды күйін реттеу тәсілдерімен таныстыру.
Қатысушылар: педагогтар тобы - 15 - 20 адам

Уақыты: 15 - 20 минут
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, барлығымыз бірге айтамыз: «Мен сіздермен қауышқаныма ризамын!»
«Ха - тыныс алу» жаттығуы.
Қатысушылар дөңгелене тұрып аяғын иықпен теңестіріп, қолды белден төмен қояды. Деміңді терең шығып, қолды бас жағынан жоғары көтереді. Демді ұстап тұрып, шығару кезінде тез арада алға қарай еңкею, қолын өзінен алға қарай «Ха!» дыбысымен, ауаға қарай лақтырады.

«Би – қол ұстасып жүру» жаттығуы
Қатысушылар дөңгеленіп тұрады және қолдарынан ұстайды. Музыка ойнайды. Кенеттен қатысушылар қозғалады, музыкаға сай ритмдер және өзіндік ритмдерін жасайды, өзінің жеке қимылдарын жалпы биге ендіреді.

«Тілек айту» жаттығуы
Қатысушыларға үш топқа бөлініп, бірінші тобы күліп тілек айтады, екінші топ жылап, үшінші топ ұрысып тілек айтады.

«Ақ және қара айна» тренингі.
Қатысушылар ақ айнаға барып өзінің жақсы жақтарын, армандарын, тілектерін айтады. Қара айнаға барып өзінің бойындағы жағымсыз мінездерін айтады.
Талдау: Жаттығу қиын болды ма? Қиын болса қай жерінде қиын болды?

Қорытынды:
Тренингке қатысушыларға стикер беріледі. Бір - бірлеріне, мектебімізге ыстық тілектерін және бүгінгі тренинг туралы ойларын, қандай көңіл - күйде болғандарын, тренингтен алған әсерлерін жазып, ағашқа жабыстырады. Cөйлем басы «Бүгін мен...» немесе «Бүгін маған» - деп басталады. Барлығы жазып болғасын жазылған тілекті оқиды. Қағазды жыртпай, мектепке естелікке қалдырады.
Қатысушылар бір - бірлеріне тілеген тілектері орындалсын деп қошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтайды.