"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында №2 қалалық емхананың дәрігер-гинеколог С.Хасенованың және СӨС кабинетінің дәрігері А.Сәндібекованың қатысуымен "Инабат" клубының 8-11 сыныптардың қыз балаларына "Рухани-жыныстық тәрбие. Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыптарында кездесу сағаты өткізілді. Шара барысында ерте жүктіліктің неге әкеп соғатынын, денсаулыққа қандай зиян келтіретінін, моральдік, психологиялық тұрғыдан қиындықтарға соқтыратынын және жыныстық пен құқықтық тәрбиенің білімдерінің аз болуы жөнінде көрсетілген бейнероликтерден түрлі өмірлік жағдаяттарды көріп, өз пікірлерін ортаға салып талқыланды. @obrazovanie_
https://school6-aktobe.edu.kz/kz/d-rigerlik-ke-es/815-rukhani-zhynysty-t-rbie-erte-zh-ktilikti-aldyn-alu.html#sigProId75df791b94