04-06.10.2023ж. күндері аралығында Астана қаласында “Білім дамудың тұрақты және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық ресурсы” тақырыбында республикалық педагогтер съезі өтті.
Мектеп-гимназиямыздың Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, “педагог-модератор” Абилкайыров Ринат Сарибайулы аталмыш сьезге қатысып, ҚР Қорғаныс Министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар Департаментінің бастығы Т.Басқожаев, ҚР Оқу ағарту Министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру Департаментінің директоры М.Медетбекованың Алғыс хатымен марапатталды.
Мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна ұжымымызға биылғы оқу жылында келген, жаңашыл, жауапкершілігі мол,ізденімпаз маманды республикалық жетістігімен құттықтап, әкімшілік пен педагогикалық ұжым атынан шығармашылық табыстар тіледі.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy