Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: sholagum6@mail.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

Бүгін,2022 жылдың 8 қыркүйек күні “Балғын ұрпақ, ардақта ана тіліңді” атты тілдер мерекесі қарсаңында жүргізілетін апталықтың жоспарына сәйкес Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп-гимназиясының кітапханасында “Тілім барда айтылар сыр ойдағы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан буклет жасалынды.

Сонымен қатар ұлт-зиялыларының тіл жөніндегі афоризмдері, Ж.Манкеева “Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері”, Т.Сайрамбаев “Қазақ тіл білімінің мәселелері”, Қ.Өміралиев “Қазақ тіл білімінің мәселелері” кітаптары қойылды.
Шараға 5“Ә”, 6”А” оқушылары қатысты. Шара соңында оқушылар М.Мақатаев “Үш бақытым”, Т.Молдағалиев “Менің тілім өлмейді-халқым тірі” өлеңдерін оқыды.
Жауапты: кітапханашылар Шайрова Г.Б. Базарбаева М.Ж.