1 «Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға!» атты кітап көрмесі болып өтті. Мектебімізде кітапханашы Г.Шайырованың жетекшілігімен кітап көрмесі болып өтті. Қазақстанды қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Аналар күні аталып өтеді. Адам өмірінде ананың орны ерекше. Адамзаттың ана алдындағы парызы көп. Бұл күн аналарымызды құрметтеу күні. Перзенті үшін жанын қиюға даяр аналарға алғыс айту идеясы Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясымен бекітілген болатын. Осыған орай «Ана – өмірдің гүлі» атты асфальтқа сурет салу фестивалі болып өтті. 2-3 сынып оқушылары жетекшілерімен бірге мектеп ауласында қызықты қиялдарымен сурет сала білді.
1 қазан- қарттар күніне орай «Мың алғыс сізге, қарттарым!» тақырыбында класс оқушылары қарияларға арнаған құттықтау сөздерін видео арқылы жеткізе білді. Жылы лебіздерін, жүректен шыққан тілектерін жолдады. 1 қазан- қарттар күніне орай «Қарты бар үйдің- қазынасы бар» атты бейнеролик байқауының қатысушылары отбасымен әсерлі роликтерді жолдады.
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ZOO платформасы арқылы жазушы Мәди Айымбетовтың 75 жасқа толуына орай «Асқақ рух пен ізгілікті жалғаған» атты кездесу кеші мектеп оқушыларымен өткізілді. Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұжымына алғыс білдірдік.
" Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында 2-3 қараша күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік l кезеңінің l және ll турының өткізілуі жөнінде 5-8 және 9-11-класс білім алушылары үшін мектеп-гимназиясы директоры Ш.С.Жанғалиеваның басшылығымен ұйымдастыру жиналысы болып өтті. Оқу-тәрбие жұмысының орынбасарлары Д.Б.Муханбедиярова, А.С.Сүлейменова, З.Ж.Кулмурзиналар білім додасының маңызы, өткізілу мақсаты мен кестесі, марапатталу рәсімі жайында түсінік жұмыстарын жүргізді. Мектеп бойынша 5-8-кластардан 54 оқушы, 9-11-кластардан 106 оқушы, барлығы- 160 оқушы бақ сынағалы отыр. Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің үміттері
"Ғ.Ақтаев атындағы √6 мектеп-гимназиясы" КММ және Ақтөбе қалалық √2 емханамен бірлескен жоспарына сәйкес психолог Г.Б. Жанғали, гинеколог Г.Б. Касанова және СӨС дәрігері А.Я.Желдірованың қатысуымен класс жетекшілердің білімін арттыру мақсатында " Баланың өмір қауіпсіздігі-баршаның міндеті" атты семинар өткізілді.
«Менің әлемім-сұлулық пен мейірімділік әлемі» атты қыз балаларға арналған іс-шараға оқушыларды сұлулық, көркемдік, әдемілік ұғымын сезіне, түсіне, көре білуге тәрбиелеу. Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық – этикалық тәрбие беру.
«Ұстаз- мектептің жүрегі» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Жауаптылар Кәсіподақ ұйымы, МИФ бірлестігі, Ақтаев жастары атсалысты.